
Атырау қаласындағы көне мешіттің бірі – «Құспан молда» мешітінің тозығы жетіп, сонымен қоса, сыйымдылығының тар болуына байланысты бұзылғаны туралы өткен айларда хабарлаған болатынбыз. Содан бері мешіттің ауласы тазаланып, құрылыстың жүргізілуіне дайындалған еді.
Міне, 21-ші сәуір күні көптен күткен Алла үйі құрылысына негіз болып қаланатын мешіттің іргетасы құйылды. ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған атыраулық жамағат осындай қуанышты күнді атаусыз қалдырмады. Қай істі де Алланың атын атамай қолға алмайтын салтымыз бойынша, құрбандыққа мал шалып, өкіл имам оқыған Құраннан кейін Алла тағаладан дұға тіледі.
Мешіт салу сынды Алла Тағала құзырындағы қайырлы іс басында тұрған Бас имам қуаныштан толқып: «Осындай ашық аспан астында, ел аман, жұрт тынышта Алла Тағаланың аманаты, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болған дін - Исламды еркін насихаттап, мешіт көтеруді нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкір айтамыз. Лайым амандық болып, Ислам діні қанатын жая бергей!», – деді.
Құрбандық рәсімі бітісімен, құрылысшылар іргетас құю ісіне кірісіп, жиылған жамағат садақа асынан дәм ауыз тиді.
Алла Тағала мешіт құрылысының берекелі болуын нәсіп еткей!
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2017
3638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру