Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды (ФОТО)

21.04.2017 3714 0 пікір

Алматы қалалық орталық мешіті жергілікті әкімшілік және қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Шараның ашылу сөзінде Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Ауесханұлы жиналған жұртқа бұл бағдарламаның маңыздылығы туралы түсіндірді. Ел президенті  Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасымен жастарға, оның ішінде мешітке келуші жастарға  қамқорлық көрсетіп, жұмыс іздеп табуларына барынша қолдау көрсетуге бағытталған бұл іс шараның Алла қаласа қаланың өзге мешіттерінде де жалғасын табатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, іс-шара «2017-2021 жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында өтуде. Мұнда бүгін 100-ден астам мекемелер мен кәсіпорындар келіп өздеріндегі бар бос жұмыс орындарын көпшілік назарына ұсынуда.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру