Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе шәкірттері Жаратушының 99 есімін айтудан жарысты (ФОТО)

20.04.2017 4177 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы «Қайырымдылық үйі» деп аталатын медресе шәкірттерінің арасында  Жаратушының 99  есімін жатқа айтудан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш медресе  директоры Бердімұрат Қасымовтың айтуынша, бұл шара осы мекемеден   діни сауат  алып жатқан шәкірттердің білімін пысықтап, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.  Жарысты тамашалуға  медреседе тәрбиеленіп  жатқан балалардың ата - аналары де келді.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған шәкірттер жарысында Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Қоштасу құтбасы жайында бейнеролик  көрсетілді. Мұнан соң Алла Тағаланың көркем есім сипаттарын мағынасымен айтып беруден шәкірттер білімі сынға түсті.

Жарыс қорытындысында арнайы әділ қазылардың шешімімен 1 орынды  Дәурен Іргебай, 2 орынды Тобанияз Ығылманов, 3 орынды Айболат Нәубетов иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылды. Шара соңында сайыстың өту барысына куә болған шәкірттердің ата аналары медресе басшылығына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру