Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Жетісу жамағаты ғалым Абсаттар Смановты еске алды (ФОТО)

19.04.2017 3526 0 пікір

«Ғалым өлсе де жазған ілімі қалады» деген даналы сөзде айтылғандай,   ғылым Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  қалған мирас болып, өз жалғасын таба береді.

Жетісу жамағаты өткен жылдың аяғында бұл дүниеден бақилық дүниеге өткен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресе-колледжінің бұрынғы директоры, Қасиетті Құранның мағынасын ана тілімізге аударған көрнекті дінтанушы  ғалым, белгілі дін қайраткері, салихалы ғұмырын ислам шариғатын оқуға, шәкірт тәрбиелеуге арнаған асыл азамат Әбсаттар Смановты еске алу үшін Талдықорған орталық «Иман» мешітінде 1000 адамға арнап дастархан жайып, ғалымның рухына Құран бағыштады. Бұл игі бастамаға марқұм Әбсаттар ағамыздың бауыры исламтанушы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің қазіргі директоры Әбдіғаппар Сманов арнайы шақырылып, мешітке жиналған қалың жұртшылыққа бірлік-ынтымақ туралы уағыз жүргізді. Алланың үйіне лық толған жамағат айтылған уағызға қанық болып, ғалымға қойылған сұрақтарға жауап беруіне тәнті болды.

Аталмыш шара - «Көңіл шайға» ұйытқы болған Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы марқұм Әбсаттар Смановтың рухына Құран бағыштап, хатым етті.  Марқұм ағаның рухына бағышталып оқылған Құранға қол жайып, дұға етуге жиналған жұрт қара-құрым еді. 

Шара соңында  Әбдіғаппар Сманов жиналған қалың жұртқа және осы жиынды арнайы ұйымдастырған өкіл имамға разышылығын білдіріп, батасын берді.

 

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру