
Қаладағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету мақсатында бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бастамасымен қолға алынған «Ақтөбе асары» атты қайырымдылық акциясының аясында арнайы штаб құрылды.
Облыстың өкіл имамы Төлеби Оспанның төрағалығымен өткен штаб отырысына Ақтөбе қаласына қарасты барлық мешіттердің Бас имамдары қатысып, әр мешіттен акцияға жауапты адамдар бекітілді. Арнайы жәшіктер қойылып, киви кошелектен шот ашылды. Осыған орай, акцияға атсалысамын деуші азаматтар, барлық қала тұрғындары төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша хабарласып, акцияға үлес қоса алады:

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті – Әбілхайыр хан даңғылы, 92.
Ақтөбе қалалық орталық мешіті – Ш. Берсиев, 22.
«Нұрдаулет» – Әбілхайыр хан даңғылы, 46.
«Қабақ Баба» – Заречный-3, уч. 500.
«Досжан хазірет» – Қарғалы елдімекені, Северная к., 2.
«Бақытжан» – Жаңақоныс елдімекені, Советская к., 14
«Сүлеймен ата» – Заречный-2, Бөкенбаев, 21А
«Әл-Ләтиф» – Кеңес Нокин ауылы, Клубная, 12А.
![]()
Сондай-ақ, өкіл имам Төлеби Оспан қалалық №26 және №40 мектептерде болып, мұнда уақытша орналастырылған, тілсіз жаудың кесірінен баспанасыз қалған жанұялармен кездесті. Оларға Алладан жеңілдік тілеп дұға етіп, сабырға шақырды.
P.S. Кімде-кім қиындыққа тап болған адамның жағдайын жеңілдетсе, Алла Тағала оның ісін осы дүниеде және арғы дүниеде де жеңілдетуге уәде етеді. Ендеше, ел басына күн туғанда елдігімізді, бірлігімізді білдіріп, тілсіз жаудан жапа шеккен жанұяларға көп болып, көмегімізді тигізуге асығайық, ағайын.
Екі дүние сардарының (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) және бір хадисінде: «Әрбір мұсылманның қаны, мал-мүлкі, ар-намысы басқа мұсылманға - харам» делінеді. Ендеше, өзгенің қайғысын өз мүддесіне оңтайлы пайдаланып, оның мүлкін тонау, адамгершіліктен ада іс екендігін айтқымыз келеді. Алла бізді бауырмалшылдығымыздан айырмасын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2017
5651
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру