.jpg)
Өңірлерде «Әйелдер-қыздар» секторы ашылғалы мешіттердің әйелдер-қыздар жамағаты өз жоспарларына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарып, оған қатысушы нәзік жандардың саны да артып келеді.
Осындай атқарылған шаралардың бірі – «Әйелдер-қыздар» секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Маралдың бастамасымен өткен Байқоңыр қаласы, Жәрімбет мешітінің ұстазы Сыдыкова Ләззат шәкірттерінің арасында «Білімді мыңды жығар» атты сайысты айтуға болады.
Сайыс Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту мен қатар араб тілінде қатесіз жазу және әртүрлі діни сұрақтарға жауап беру сынды 4 кезеңнен тұрды.
Сайыста өздерін жақсы көрсетіп, барлық сындардан сүрінбей өткен қатысушы шәкірттерге алғыс хат табысталып, арнайы сыйлықтар берілді. Шара соңында нәзік жандардың өз күшімен дастархан жайылып, уағыз-насихат айтыла отырып, шүйіркелесіп қазақи үлгіде шай ішілді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2017
3937
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру