ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілдігі ауыл, аудан, қала мешіттерінің имамдары арасында «Нұрлы мінбер» байқауын 2 кезеңге бөліп өткізді. Бірінші кезең – сұрыптау кезеңі. Бұл кезең 17 сәуір күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жүргізіліп, оған арнайы орта және жоғары білімді 27 имам қатысты. Олар араб тілі білімі бойынша дайындалған тест сұрақтарына жауап берді.
«Сұрыптау кезеңінен алдыңғы қатарда өткен 8 имам 26 сәуір күні облыста өтетін байқаудың 2 кезеңіне қатысады. Екінші кезеңге қатысатын 8 имам ҚМДБ-да бекітілген байқау тәртібі бойынша «Сәлем-сөздің анасы», «Бәйге», «Жеті жарғы», «Имам мінбері», «Пікір-сайыс» айналымдарымен білімдерін сынайтын болады», - дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы
«Нұрлы мінбер» сайысының 1-кезеңі жүргізілгеннен кейін, өкіл имам Н.Исенов жиналған имамдарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» атты мақаласын кеңінен таныстырды. Бұл жолы өкіл имам: «Елбасы Н.Назарбаев халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деп айырықша атап өтті. Елбасының ұстанымы ҚМДБ-ның ұстанып отырған «Дін мен дәстүр» бағытына толық үйлеседі. Сонымен қатар, Елбасы ұлтымыздың сан ғасырлық жазу мәдениетіне де тоқталды. Қазақ халқының X ғасыр бойы пайдаланып келген араб алфавитінде ислам тарихының үлесі зор екені даусыз. Біз Елбасының рухани жаңғыруға бағытталған ойын жан-жақты қолдап, айырықша ықыласпен насихаттауға тиіспіз», - деп ауыл, аудан, қала имамдарына ерекше ескертті.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2017
3438
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру