Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам медресе бітіруші түлектермен кездесті (ФОТО)

17.04.2017 3746 0 пікір

Елімізде жыл өткен сайын діни ілім алып, Ислам дінінің дамуына қызмет етуші жас мамандар қатары көбейіп келеді. Жалпы, Ислам дінінде ілім алудың маңызы өте жоғары. Ал, діни білім алып, мешіттерде қызмет етудің жауапкершілігі өз алдына бөлек.

Бұл бағыттағы жергілікті өңірлердегі өкіл имамдардың да ықпалы зор. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жыл сайын медресе, Ислам университетін бітіруші түлектермен кездесіп, Сыр өңірінде еңбек етуге шақырады.

Былтырғы жылдың өзінде Қызылорда аймағына 4 жас маман еңбек етуге келіп, өз қызметтерін абыроймен атқаруда.

Биыл да Бас имам Т.Омаров «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші мамандарымен кездесіп, еркін түрде сұқбат алаңын құрды. Бітіруші түлектермен Ислам дініне еңбек етудің жауапкершілігін сөз ете отырып, арнайы дастархан басында бас қосты.

Кездесу аясында Бас имам алдағы уақытта медресе бітіруші түлектерді Сыр еліне еңбек етуге шақырды.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру