Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: «Нұрлы мінбер - 2017» байқауының облыстық кезеңі өтті (ФОТО)

17.04.2017 3861 0 пікір

Ақтауда «Нұрлы мінбер - 2017» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Маңғыстау облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының телестудиясында өткен сайыста өңір мешіттерінен келген 6 имам өзара бақ сынасты. 

Имамдардың парасаттылығы мен пайымы сарапқа түскен шара мәнді де мазмұнды өтті. Арнайы әділ қазылар тағайындалып, имамдардың білім дәрежесі анықталды. Барлығы 5 айналым бойынша  қабілет қарымдарын байқатқан имамдар бір-бірінен асып түсіп жатты.

«Сәлемдесу»,  «Бәйге», «Жеті жарғы», «Жағдаяттар», «Имам мінбері» деп аталатын бөлімдерден сүрінбей өтіп, өздерінің білім деңгейін көрсете білген Хамит Тәбәрак, Қажымұқан Елжанов, Еркін Нүсіпбек сынды имамдар әділ қазылардың шешімімен үздіктер қатарынан көрінді.

Сайысқа қатысушылар арасынан ең көп ұпай жинаған Қарағия ауданындағы «Құрық» мешітінің имамы Хамит Тәбәрак жеңімпаз деп танылып, оған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама берілді.  Хамит Тәбәрак алдағы уақытта Астана қаласында өтетін «Нұрлы мінбер – 2017» сайысына Маңғыстау облысынан қатысады.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру