Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: «Айғаным» клубы қыздарды инабаттылыққа тәрбиелейді (ФОТО)

15.04.2017 4121 0 пікір

Бүгінде ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының бастамасымен, еліміздің түкпір-түкпірінде  «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Арулар мектебі»  деген атаулармен арнайы насихат ошақтары ашылуда. Онда асыл дініміздің имани құндылықтары мен ұлттық дәстүрлерімізді ұштастыра насихаттау басты мақсат етіледі.

Осындай тәрбие ошағының бірі – Көкшетау қаласындағы «Науан хазірет» мешіті жанынан да құрылды. Бұл қоғамдық клубқа қазақтың біртуар ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың әжесі – Айғанымның есімі берілді.

Енді бұл клуб мұсылман қыздарды діни тұрғыдан ғана емес, өмірлік кәсіптерге де машықтандыруды көздеп отыр. Атап айтсақ, мешіт жанында аспаздық, тігіншілік бойынша да тәлімдер беріледі.

Бұл да өмірдің ырғақ жолымен алға қадам басатын жас қыздарды жан-жақты танымдық тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Адам діни құлшылықпен бірге, дүнияуи тіршіліктің де сипаттарына қанығуы керек. Сондықтан «Айғаным» қыздар клубына сәт сапар тілейміз.

Бақыт Смағұл

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру