Кеше Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен, қаладағы «Капитал Плаза» бизнес орталығының конференц-залында «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы, ҚМДБ-ның қызметкерлері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыс имамдары және мешіт ақсақалдары мен жамағаты, мейрамхана басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда діни рәсімдердің орындалуын бірізділендіру, аталған рәсімдерді ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған «Жаназа һәм жерлеу рәсімдері» пәтуасының аясында жүзеге асыру және осы ретте ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, конференция делегаттарының ортақ талқысына салынумен Ақтөбе облысына ортақ құдайы ас (садақа) мәзірі бекітілді. Соған сәйкес құдайы ас дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (немесе күріш) қою ұсынылды.
Конференцияда ҚМДБ-ның «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің меңгеруші орынбасары Шоқанов Сансызбай, Атырау облысының өкіл имамы Мансұров Батыржан қажы, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Айталы Амангелді, Ақтөбе облысының өкіл имамы Оспан Төлеби, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Әли Алмат, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетiнің президенті, ф.ғ.д. профессор Ахан Бекежан қажы, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Низамутдинов Әлізақ баяндама жасады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2017
4630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру