
Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім грамоталарын тапсырды. Осы орайда, Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға қасиетті Қағбаның жамылғысын тарту етті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мен үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоғары мәртебе. Сенім грамотасын тапсырғаным үшін өте қуаныштымын», - деді ол.
Сондай-ақ, Президент Сауд Арабия королі жолдаған қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабылдады.
Осы орайда, елші Ақордаға Сауд Арабиясынан арнайы хат алып келгендігін алға тартты.
«Сауд Арабия королінің Қазақстанға ресми сапармен келуі жайында хатын жеткіздік. Осы сапар жақын арада орындалады деп үміттенеміз», - деді Захир бен Мутиш әл-Анези.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.04.2017
3677
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру