.jpg)
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен «Әйелдер-қыздар» секторы бірлесе отырып, облысқа қарасты мешіт ұстаздарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастыруда.
«Ұстаз – тәрбиелеуші» - дегенді ескерер болсақ, бүгінгі таңда қыз балаларға Ислам діні тұрғысында тәлім-тәрбие берумен қатар, діни сауаттылығын арттыруда ұстаздардың рөлі зор. Мешітке діни сауатын ашу үшін келетін қыз-келіншектерге аптасына бірнеше мәрте дәріс өткізіп, мұсылман қыздарына тән сыпайылық пен инабаттылықты дәріс алушылардың бойына сіңіре білетін ұстаздарымыздың да діни білімін жетілдіріп отыру – өте орынды да абзал жұмыс.
Осы бағытта облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Файзуллина Марал алғашқы семинар сабағын бастады.
Әйел ұстаздардың діни ілімі мен біліктілігін арттыратын апталық семинарда ақида, фикһ, тасаууф, ахлақ, діндер тарихы сынды тақырыптар қамтылатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.04.2017
3650
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру