Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі исламтанушы іс-сапармен Теміртау қаласында болды (ФОТО)

12.04.2017 3591 0 пікір

ҚМДБ-ның "Жалпы және жастар ісі" бөлімі, «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлының арнайы шақыртуымен еліміздің кенді қаласы Теміртауда іс-сапармен болды.

А.Тілегенова Теміртау қаласының қалалық мешітінің әйелдер жамағатымен кездесті. Исламтанушы кездесуде мұсылман әйелдің қоғамдағы орны, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, исламда ынтымақ пен бірлік, Аллаға шүкіршілік, бала тәрбиесі және т.б. тақырыптарда тұщымды да мағыналы уағыз айтты.

Кейін Ақбөпе Қанатқызы мешіттің имамдары және жауапты әйел ұстаздарымен қаладағы діни ахуал жайында ой бөлісті.

«Әйелдер-қыздар» секторы баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру