ҚМДБ-ның төрт бағыттағы жұмыстарының бірі һәм бірегейі – мешіт жанындағы діни сауат ашу курстары екендігі белгілі.
Өткен 2016 жылы ОҚО көлемінде 15 мыңға жуық шәкірт діни сауат ашу курсында имани тәлім-тәрбие алып шықты. Биылғы жылы бұл үрдіс кең көлемде қолға алынып отыр.
Осы жұмыстарды негізге ала отырып Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде діни сауат ашу курстары арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған шараға 5 пен 50 жас аралығындағы 170-ке тарта қала, аудан, ауылдық мешіт жанында дәріс алып жүрген үміткерлер қатысты. Жарыс 30-шы парасының Әт-Ториқ пен Нас сүрелері арасында өрбіді.
Әділқазылар құрамына облыс имам орынбасары Еркебұлан Қарақұлов, Түркиялық ұстаз Осман Өсташ, облыстық мешіттің ұстазы Нұрлан Бахытжанұлы төрелік етті.
Жарыста бірінші орын иегері Дулат Бүркітбай, екінші орынға Абылай Қалмұрат, үшінші орын Бехруз Сұлтаниязовтар жүлделі орынға ие болды.
Жарыс қорытындысымен жүлделі орын алғандар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлық табыс етілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.04.2017
3859
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру