ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық мешіт жамағаты «Аялы ағаш - саялы» атты қайрымдылық науқанын жалғастыруда.
Мешіт жамағаты ҚР Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «11мамандандырылған физика-матиматикалық мектебінің» сенбілік шарасына қатысты. Мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, оқу ордасының ауласын абаттандыру үшін қырықтан астам жеміс ағаштарымен бірге басқа да ағаштар отырғызылды.
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Адамдардың ең жақсысы – басқаларға пайдасы тигені», – деген, сонымен қатар «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады», – делінген.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.04.2017
4165
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру