Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмолада «Шынықсаң, шымыр боларсың» атауымен баскетбол жарысы өтті

07.04.2017 4073 0 пікір

Ақмола облыстық Науан Хазрет мешіті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Шынықсаң, шымыр боларсың» деген атаумен баскетбол жарысы өтті. Спорттық шараның мақсаты  салауатты өмір салтын насихаттау. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан артық» деген хадисіне сай болу.

Аталмыш спорттық шараға 4 топ қатысты. Ойын барысында, алдымен жеребе тартылып, кезектер анықтады. Алғашқы болып «Алаш» және «Ізгілер жолы» топтары кездесіп, тартысты өткен ойында «Алаш» тобы алға шықса,  келесі болып шыққан «Райян» тобы «Кәусар» тобынан басым түсті.

ІІІ орын үшін өткен бәсекеде «Кәусар» тобына допты оңайлықпен ұстатпаған «Ізгілер жолы» жеңісті жұлып алды.

«Алаштықтар» мен «Райян» топтарының арасында ойын өте тартысты өтті. Алғашқы болып допты «Райян» тобы салғанымен «Алаштықтар» ширақтық танытып, ойын жеңімпазы атанды. Ұйымдастырушылар қатысушыларды марапаттап, алғыстарын білдірді.

Мұсылман қыздарының жан-жақтылығын көрсете алған шәкірттер, спорттық ойындардан да мықты екендіктерін дәлелдей алды.

Nasihat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру