Қазақстандық коммерциялық Заман-Банкі жақын арада ислам банкінің негізінде жұмыс істейді. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банк қаржы нарығының әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.
"Жақын арада "Заман-Банк" АҚ ислам банкі негізінде жұмыс істейтін жоспарланған. Бұл банк ислам принциптері бойынша қаржыландыру жүйесімен банк қызметтерін көрсетеді", - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда Аl Hilal ислам банкі жұмыс істейді. 2017 жылы 1 қаңтарда оның елдегі банк жүйесіндегі үлесі 0,08 пайызға тең болды.
"Заман-Банк" Ақ акционерлері 2016 жылы шілдеде ислам банкінің жүйесіне көшу туралы шешім қабылдаған.
Исламдық банкинг - шариғатқа негізделген банк жүйесі. Арамнан жиған ас болмайтынын ескерсек, ғасырларды артқа тастаған және үнемі жетілдіріліп келеді деген қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің неліктен сан рет дағдарысқа түскені де, ал алғаш рет 1960-1970 жылдары банктік жүйе ретінде негізі қаланған, түп бастауын Құраннан алатын исламдық банктердің бүгінге дейін бірде-бір рет дефолтқа ұшырамауы да түсінікті сияқты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.04.2017
3828
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру