Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға оқыту семинары өтуде (ФОТО)

06.04.2017 3604 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінде облысқа қарасты мешіт имамдарына арналған оқыту семинары басталды.

Оқыту семинарын қалалық «Қалмұхаммед ишан»  мешітінің бас имамы Д.Рысбай және қалалық «Мүсірәлі» мешітінің бас имамы Б.Арынов жүргізуде. Оқыту семинарында Әбу Ханифа мәзһабының намаз мәселесіндегі дәлелдері тереңнен оқытылуда.

Сондай-ақ, Матуриди ақидасының негізі мен сенім туралы түсінік бағытында сабақтар берілуде.

Бүгінгі таңда имамдардың дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен сұқбатқа түсіп, өз дәрежесінде ақпарат бере алуы, қоғамдағы орын алған кейбір мәселелерге сауатты жауап беруі мақсатында аталмыш семинардың маңыздылығы жоғары. Семинар 3 күнге созылатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру