
Қасиетті Құранда: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят) деген аят бар. Мешіт салу әрі оны көркейту – абыройлы да сауабы мол іс. Жер бетіндегі күллі мешіттердің иесі Алла Тағала. Сондықтан да құлшылық орны – мешіттер «Алланың үйлері» деп аталады. Олай болса, мұсылман баласы үшін мешіттен мәртебелі мекен жоқ.
ОҚО Сарыағаш ауданы Жүзімдік ауылдық округы, Қ.Сәтбаев елді мекенінде «көп түкірсе көл» дегендей қалың жұрттың жиналып салған «Көбей ата» мешітінің салтанатты түрде ашылу шарасы өтті.
Аталмыш мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы қатысып: «Аллаға сансыз шүкірлер, Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бастап жаңа мешіттер көптеп бой көтеріп жатыр. Міне, кезекті «Алла үйі» халыққа қолданысқа беріліп жатыр. Аталмыш құлшылық үйі жергілікті ауыл тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің арқасында асар жолмен салынды. Бұл халқымыздың асыл дінімізге деген сүйіспеншілігін, имандылығын, адал ниетін көрсетеді» деп, жиналған жамағатты мешіттің ашылуымен құттықтады.
![]()
Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдырет Қыстаубаев, аудандық мәслихаттың депутаты Сапарәлі қажы Селтанов, Алматыдан келген медицина ғылымының докторы, профессор Рузиддинов Сәуірбек т.б. қонақтар да өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Құлшылық үйінің ашылу салтанатының соңы қалың қауымға арналып жайылған мол дастарханға ұласты. Дастархан басында мешіт салу, адами құндылықтар, үлкенге құрмет сынды тақырыптарда уағыздар айтылып, ауыл ақсақалдары бата берді.
Жаңадан салынған мешіттің көркі көз тартарлық. Биік төрт мұнара мен ортасындағы үлкен күмбезі мұсылман баласын алыстан менмұндалап шақырып тұрғандай. «Көбей ата» мешітінде бір уақытта 300 жамағат намазға жығыла алады. Мешіт ауласына кіре беріс оң бұрышта имамның, қарауылдың және діни сауат ашуға ниетті келушілерге арналған оқыту бөлмелері орналасқан. Құлшылық орны әжетхана мен өзге де қажетті орындармен қамтамасыз етілген.
Мешіттің ішін жарықтандырған жігітке Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүйсініп: «Исламды нұрландырдың, Алла сені бұл дүниеде және ақыретте нұрландырсын! Тағы бір қызым болғанда өзіңе жар етер едім» деп, батасын берген екен. Мешітке жарық қойған кісіге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан осындай бата берілсе, онда мешіттің өзін салған кісілерге Алланың сыйы шексіз екенін аңғару қиын емес. «Көбей ата» мешітін салуға атсалысқан күллі мұсылман бауырларымызға Алла Тағала разы болып, екі дүние бақытын берсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.04.2017
4920
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру