Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Жергілікті ақпараттық-насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерінің айлық отырысы өтті. Өкіл имамның төрағалығымен өткен кездесуде ЖАНТ мүшелерінің теріс ағым өкілдерімен жүргізетін жекелей ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы пысықталды. Жұмыс барысында кездесетін қиындықтар талқыланып, топ мүшелері ақпан айында өткен «Біліктілік пен білімді арттыру – заман талабы» тақырыбындағы семинар-тренингтен алған білімдерін іс жүзінде қолданып жатқандықтарын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан жат ағым өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейту, әрбір сотталушы азаматпен жоспарлы жұмыс жасау мәселесі сөз болды.
Өңірге кадр тарту мәселесі өкілдіктің күн тәртібінен түскен емес. Түйткілді тақырып аталмыш жиында да сөз болып, өкіл имам Төлеби Дәділұлы білікті маман – жұмыс өнімділігінің басты тетігі екендігін баса айтты. Соның ішінде, бірқатар аудандардағы жергілікті имаммен қамтылмаған ауылдардың кадр мәселесін шешу жайы қаралды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.04.2017
3173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру