Жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, бүгінде Ақтөбе облысының бірқатар қала және аудан мешіттерінде жамағаттың ауызбіршілігі мен бауырмалдылығын арттыру мақсатында ай сайын дастархан жайып, жамағатқа уағыз-насихат айту үрдіске айналып келеді. Бұл игі іс Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ақпан айынан бастап қолға алынды.
Алғашқы айлық отырысты аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Алмат Әли жүргізді. Кезекті наурыз айындағы отырыста Байғанин аудандық мешітінің Бас имамы, ЖАНТ мүшесі Ғабит Маткаримов мешіт жамағатына «Духа» сүресінің тәпсірін түсіндірді. Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегеге толы өмір жолынан сыр шертіп, үмметіне үлгі болар үзінділер айтты.
Ұстаздың мәнді де мағыналы уағызын жамағат ұйып тыңдады. Сауалдарын қойып, жауап алды. Дәл осындай кездесу Бөгетсай ауылындағы «Ақ Нұр» мешітінде де өтті.
Бұдан бөлек, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков мешіт жамағатына жыл басынан бері дәріс оқып келеді. Бұған дейін «Skype» әлеуметтік желісі арқылы жүргізілген уағыз наурыз айының басынан бері «Нұр» мешітінде өткізілуде. Осылайша, мешіт жамағаты ұстазбен жүзбе-жүз сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Хромтау аудандық«Нұр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.04.2017
3474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру