Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қ.Әліпбайұлы "Иманғали" орталық мешіті жанындағы медресе шәкірттерімен жүздесті (ФОТО)

04.04.2017 3700 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының шақыртуымен келген елге белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлы мешіт жанындағы медреседе екі айлық білім жетілдіру курсының шәкірттермен кездесті.

Өкіл өкілдіктің тікелей қамқорлығымен ашылып, қазіргі таңда мешіттің қаржыландыруымен жұмыс жасап жатқан білім ордасының ғимаратын аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан Қ.Әліпбайұлы шәкірттерге білімнің құндылығы жайында насихат айтты. "Білім - Алла Тағаланың әмірі. Сондықтан Құранның алғашқы аяттары білім алуды бұйырады. "Надан адам батыр келеді", - демекші, Алланың алдында дәрежесі ең жоғарылар - білімді адамдар. Өйткені, білімді адам арам мен адалды білгендігі себепті Алланың қаһарынан қорқып тұрады. Білімсіз наданда мұндай қорқыныш болмайды. Қасиетті Құранның білгендер мен білмегендерді тең қоймайтын себебі - осы. Ендеше, жәннаттағы дәрежеміздің жоғары болуына алып келетін білім алуда ықыласты болу, алған білімді амалмен бекіту - баршамыздың борышымыз",- деді Қ.Әліпбайұлы.

Кездесу соңында шәкірттер көкейтесті сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру