Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт шәкірттеріне жат ағымдар жайлы уағыз айтылды (ФОТО)

04.04.2017 3686 0 пікір

Егемен еліміздің біртұтас бірлігіне сызат түсіріп, сына қаққысы келетін жат ағымдардың соңғы жылдары жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені ешкімге жасырын емес. Алла бұйрығына бойұсынып, асыл дінімізге енді аяқ басқан жастарды шырмауына түсіріп, шым-шытырық ұстанымдарын тықпалаған теріс ағымдармен күрес жүргізудің күн тәртібінен түспей тұрғаны да осыдан. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздегі құлшылық ордалары үшін бекітілген төрт бағыттың бірі де осы теріс ағым мүшелерімен жұмыс жүргізу болып табылады.

Осы орайда республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жексенбілік уағыз-насихат жұмыстары аталмыш бағыт аясында жүргізіліп келеді. Кеше мешіт шәкірттеріне ұстаз Айбек Омаров осы тақырыпта ой толғап, тағылымды дәріс сабағын жүргізді. «Сәлафизм қатері және мәзһабсыздық» деген атаумен өткен уағыздың шәкірттер үшін тың жаңалықтарға толы болғаны сөзсіз. Жат ағымдардың жалған ұстанымдары мен қателіктерін тайға таңба басқандай көрсетіп берген Айбек ұстаздың уағызын жамағаттың сүттей ұйып тыңдағаны да осыны айғақтай түседі.

Кездесудің соңғы жағы әдеттегідей сұрақ-жауапқа ұласып, жамағат тарапынан жат ағымдар жайлы басқа да сауалдар қойылып жатты. Тақырыптың өзектілігінен болар, теріс ағымдар туралы ұстаз уағызы, тіпті, шәкірттерге арналып жайылған дастархан басында да жалғасын тауып, көптеген түйткілді жайттардың сыры ақтарылды.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру