Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Қала имамдарына біліктілік көтеру семинары өтті (ФОТО)

04.04.2017 3180 0 пікір

Биылғы 2017 жылы Алматы қаласы Дін істері Басқармасы «Сараптама және зерттеу» орталығымен бірлесе семинар өткізу жоспарланған. Мешіттерде наиб имам, азаншы, ұстаз болып қызмет ететін мамандарды топқа бөліп, әр топта 20-25 адам барлығы 6 семинар өтеді деп күтілуде. Оның алғашқы легі 13 наурыз күні басталып 3 апта бойы жалғасын тапты.

Имамдардың білімін ұдайы жетілдіріп отыру ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатаң талаптарының бірі болып табылады. Осыған орай, биылғы 2017 жылдық жоспар аясында 13 наурыз - 03 сәуір аралығында өткен семинарға мешіттерден бұйрығы бар қызметкерлер қатысты. Дәріс беруші ұстаздар: Алсабеков М.Х. - ҚМДБ «Шариғат және пәтуә» бөлімі меңгерушісі; Сансызбай Шоқанов - ҚМДБ «Шариғат және пәтуә» бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Н.Ә.Есмағанбет - Алматы қаласының Бас имамы;   Әбзелбаев Мұрат Нартайұлы - Жүргенов атындағы академия ұстазы; Қасымалиев Бахтияр қари - Әуезов ауданының Бас имамы; Ануарбеков Әсет - Орталық мешіт ұстазы.

Тыңдаушыларға тәжуид ілімдері, дін қызметкерінің этикасы, тәфсир ғылымы, шешендік өнер және бүгінгі отбасылық мәселелер тақырыбында 36 сағат дәріс оқылды. 

Тыңдаушылардың келесі легі 10 сәуірден бастап жалғасын таппақ.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру