
Мешіт жамағатын ауызбіршілікке шақыру, Ислам діні құндылықтарын насихаттау, жат ағымның алдын алу мақсатында, ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен әр ай сайын дастархан басында жамағатқа айлық уағыз өткізу жақсы бір дәстүрге айналған болатын.
Сәуір айында өтуі тиісті айлық отырыс белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлының облысымызға келу іс-сапарымен тұспа-тұс келгендіктен, бұл жолғы жиын қонағы "Нұр Астана" мешітінің наиб имамы болды.
Отырысты өкіл имам Батыржан Берденұлы ашып, белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлын жамағатпен таныстырды. Қ.Әліпбайұлының 1 сәуір күні уағыз-насихат айтатынын естіп, алыс-жақыннан ағылған ағайынның көптігі сондай, мешіт іші жамағатқа лық толды.
Жиын барысында Қабылбек ұстаз салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен біте қайнасқан Ислам дінінің теңдессіз құндылықтары туралы сөз қозғай келіп, қазіргі таңда қоғамда белең алып отырған ағымға бөлінудің зардап-зиянына тоқталды. "Біз - кешегі Наурызбай, Бөгенбей, Кенесары мен Махамбеттердей елін жаудан қорғаған батырлардың ұрпағымыз. Ал, бүгінгі таңда қаракөз жастарымыз айрандай ұйыған елдің ішін ала тайдай бүлдіріп, Сирияға асуда. Бұл - елге достық ойлаған, ел ертеңіне алаңдаған жастың тірлігі емес, туған халқына жаулық ниетпен қару ұстаған адамның бейнесі. Алған ілімі асыл Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетіне жеткізбейтін адасқан бауырдың әрекеті. Олай болса, кейінгі өскелең ұрпақ осыдан сабақ алып, Алла Тағала разылығына қауыштыратын білімнен сусындауға ұмтылғаны абзал", - деді ол өз сөзінде.
Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген Қабылбек Әліпбайұлы ілімді даладан емес, “Алланың үйі” - мешіттен іздеудің керегін айтып, мұсылман бауырларды тату болуға және ауызбіршілікті сақтауға үндеді.
"Иманғали" орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2017
3906
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру