Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр» балалар үйі – Орталық мешітте қонақта (ФОТО)

03.04.2017 3767 0 пікір

Алматы орталық мешітінде «Нұр» балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақта болды. 40-қа жуық балалар мен қыздар Орталық мешітте жұма намазына қатысып, мұсылмандардың бірлігіне куә болды. Намаз аяқталған соң «Жастар ісі» бөлімі мен «Салям» еріктілер тобы ұйымдастырған спорттық  шараларға қатысты. 4 бағытта өткен спорттық ойындардың жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды. Кішкентай балаларға арналып батут құрылды.

Шараның жалғасы «Қуан» кафесінде ұйымдастырылған дастарханға ұласып, ас үстінде уағыз айтылды. Жетім балалардың аналарының орнына ана болып жүрген Тұяқ апай мешіт имамдары мен жастарға алғысын айтты.
Шара соңында сыйлықтар ұсынылып, балалар мәз-мейрам болып қайтты.
 
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.























Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру