Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді (ФОТО)

03.04.2017 3298 0 пікір

Жамбыл облысының рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті ережеп айының құрметіне ауызашар берілді.

Бұл айлардың қадірін біліп, Алланы көбірек еске алуға, біліп-білмей істеген қателерімізге кешірім сұрауға, тәубе етуге, уақытты пайдалы өткізуге асығу керек.

Осы айда нәпіл оразасын ұстаған жандарға арнап жайылған ауызашар дастарханы ережеп айының бірінші жұмасына қараған түн рағайыб түніне де тұспа-тұс келіп отыр.

Ақшам уақытында мешітте бас қосқан жамағатқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев қасиетті 3 айдың маңыздылығы туралы тілге тиек етті. 

Ал қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов жақсылыққа асығу, нәпіл құлшылықтардың сауабы жайлы әсерлі уағыз айтты. Ал ақсақалдар бата беріп, халық үшін дұға жасады.

 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру