«Насихат» қоғамдық бірлестігі мен Науан хазірет мешітінің әйелдер-қыздар секторының бірлесіп ұйымдастыруымен бірқатар жаңа бастамалар қолға алынды. Жақында әйел жамағатына арнап арнайы дәріс оқылды. Онда қазақ даласының төл тарихы және алғашқы ислам дінінің келу кезеңінен сыр шертетін оқиғалар жан-жақты баяндалды.
Дәрісті Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарихшы Ғалымтай Төлепберген өткізіп, хроникалық деректерді айта отырып, асыл дініміздің қазақ даласына келу тарихын айтып берді.
Бүгінде біз Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын елміз. Дәстүрлі діннің тағылымын арттыру үшін тарихтың маңызы зор. Тарихшы ғалым осы жайына көбірек тоқталды. Қазіргі адасушылықтың астарында да шынайы тарихты білмеу жатыр. Сондықтан дін мен тарих егіз ұғым. Бұған жүрдім-бардым қарауға болмайды.
Кездесу екі жақты пікір алмасу тұрғысында өрбіді. Қаншама сауалдар қойылып, оған тарих тілімен жауаптар қайтарылды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасатын болады.
Бақыт Смағұл
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2017
3533
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру