Қасиетке толы жұма күні Талдықорған орталық «Иман» мешітінің тікелей мұрындық болуымен қос бірдей қайырымдылық шарасы өтті. Алғашқы шараны облысқа танымал ел ағаларымен бірге өкіл имам орталық мешітте тұрмысы төмен 40 отбасыға азық-түліктей қайырымдылық шарасын өткізсе, екінші ұлы шара Талдықорғандағы «Той» мейрамханасында өтті.
Мейрамханада өткен шара, тағдырдың тауқыметіне сабырлық танытқан зағиптар мен мүгедек жандарға ұйымдастырылды.
Жалпы саны 200 адамды қамтитын қайырлы істе, дастархан жайылып, ақ тілектер, термелер, ыстық лебіздер білдіріліп, викториналық сұрақтар қойылды. Шара соңында, келген қонақтарға мешіт тарапынан бағалы сыйлықтар таратылды.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2017
3302
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру