РАНТ (Республикалық ақпараттық насихаттық топ) мүшесі, Павлодар облысы «Екібастұз қалалық мешітінің» бас имамы Бауыржан Отарбаев Діни басқарманың арнайы тапсырмасы бойынша кездесулер жасауға Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңіріне ат басын тіреді.
РАНТ мүшесі ең алдымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып, онда білім алып жатқан имамдыққа бейімі бар азаматтардың курсына дәріс оқыды. Ол сөз сөзінде ауылдарға сауатты имамдар дайындау бағытындағы осындай тың бастаманың артықшылығына тоқтала келе, қазіргі таңдағы кері ағымдарға қарсы ойларын ортаға салды.
Бұдан соң Б.Отарбаев «Өскемен орталық мешітінде» болып, жамағатқа, қазіргі таңдағы бейбітшіліктің маңыздылығы жайлы исламдағы тыныштық қағидалары туралы тұщымды уағыз айтты.
Әсіресе кері ағымдар тарихы, ұлттық құндылықтарды ұлықтау кездесудің негізгі өзегі болды.
Жамағаттар арасынан РАНТ мүшесіне сұрақтар да қойылды.
Бауыржан Отарбаев Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде облыстық және қала мешіттерінің имамдарымен кездесу жасады.
Кездесуде ислам тарихынан сәлиқалы әңгімелер айтылды.
«Әсіресе кері ағымдарға қарсы бірлесе күрес жүргізуіміз керек. Кері ағымдардан халықты сақтандырып, олардың діни сауаттылығын арттыру барлығынан да маңызды болып отыр» деп атап көрсетті РАНТ мүшесі, кездесуде.
Кездесулер легі жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2017
3087
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру