
Ражаб айы кіргенде пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Раббым, ражаб пен шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» деп дұға тілейтін.
Бұл қасиетті күндер мен түндер баршамызға сауап амалдарды жасауымызға үлкен мүмкіндік береді. Қасиетті айлардың ұлағатты іс-шаралар бастамасы ретінде Алматы өңірінде «Қош келдің-қасиетті үш ай» атты қайырымдылық акциясы өтіп, Үшқоңыр ауылының әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасына азық-түлік қажеттері таратылды. Райымбек ауылында орналасқан, жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарды әлеуметтік жағынан қорғайтын «Мирный» қарттар үйінде қайырымдылық асы берілді.
Бұл шараға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан жиналған қауымды қасиетті айлардың басталуымен құттықтап, дін басы сәлемін жеткізіп, «Исламдағы қасиетті айлар» атты тақырыпта уағыз-насихат айтып, ізгі ниет-тілегін білдірді.
Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2017
3619
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру