Алматыда ҚМДБ Жастар ісі бөлімі әйел-қыздар секторының жанынан ашылған «Райхан инабатты бойжеткендер» мектебінің ұйымдастыруымен қайрымдылық шарасы өтті.
«Əр күніңді əсемде» айдарымен «Жанұя» балалар үйіне барып, кішкентай бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш пен шаттық сыйлап қайтты. Балалармен етене жақын араласу мақсатында сəбилерді күн шуаққа шығарып, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, жүректеріне махаббат пен мейрім шуағын себуді мақсат етті. «Бала тілі – бал» демекші ізгі ниет-тілектері мен тақпақтарын тыңдағанда шара ұйымдастырушыларының өзі шын қуаныштың куəсі болды. Шара соңында барша бүлдіршіндерге тəттілер үлестірілді.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 9-аятында: «Арттарында нашар (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрысын айтсын.» деген.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2017
3770
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру