Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінім – діңгегім, дәстүрім – тірегім (ФОТО)

30.03.2017 3782 0 пікір

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Дінім – діңгегім, дәстүрім – тірегім!» деген тақырыппен Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында тағылымдық шаралар ұйымдастырылды.

Облыстық мешіт ауласында асық ату, арқан тарту, кір тастарын көтеру мен қол күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Онда  жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға естелік ретінде мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Сонымен қатар қыздар-әйелдер секторының бастамасымен мешіт жамағаты болып табылатын ақ жаулықты аналар тұсау кесер  рәсімін және қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Бұл күнде жиналған қауым арнайы дайындалған наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, мәре-сәре болды.

Осы ұйымдастырылған игі шаралар халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, мұсылмандар арасындағы бауырмашылдықты нығайта түседі. 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру