
Маңғыстау облыстық орталық мешіті "Әйелдер-қыздар" секторының үйлестірушісі, облыстық мешіттің ұстазы Гауһар Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен намазхан қыздар арасында спорттық шара өтті. Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихатау. «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан артық» деген хадиске сай мұсылман ширақ әрі дені сау жан болуы қажет. Аталмыш спорттық шараға 6 команда қатысты.
Спорттық шаралар қатарында волейбол да болды. Өзара сайысқа түскен командалық жарыс өте қызықты өтті. Дегенмен топ жарып, оза шапқан команда Жаңаөзен қаласынан келген «Нұрмүбарак» командасы болды. Ұстаз Гауһар Жұмағалиева шараның жеңімпаздарына сыйлық беріп, қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.03.2017
5116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру