Алматы қаласы, Алмалы ауданы «Төле би» мешітіндегі әйелдер-қыздар қауымы «Әз-Наурыз» атты дәстүрлі кеш өткізді.
Мерекелік іс-шара Алланың сөзі Құранмен басталып, «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Бесік жыры» сынды салт-дәстүрімізден көріністер қойылды. Сонымен қатар, әжелеріміз дәстүрлі әндер шырқап, мешіт ұжымы ұмыт болған ұлттық тағамдар мәзірін бейнеролик арқылы таныстырды.
Шара Наурыз мерекесін тойлаумен ғана шектелмей, қазақи ұлттық құндылықтарымызды сақтап, түрлі жат пиғылды ағымдардан аулақ болу мақсатында ұйымдастырылды. Осы тақырып төңірегінде Алмалы ауданы бойынша жауапты әрі жетекші ұстаз Гүлзат Акурпикова жиналған қауымға «Халқымызда дін мен дәстүр егіз ұғым» және «Наурыз мерекесінің шығу тарихы» жайлы уағыз айтты.
Шара барысында дәстүрімізден сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, ұлттық тағамдардан ауыз тидірілді. Балалар өзара асық ойнап, жиналған қауым жас ерекшеліктеріне қарай Құран жарысын өткізді. Жарыс барысында Айша есімді 5 жасар бүлдіршін ерекше көзге түсіп, жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы «Алғыс хат» табысталды. Кеш соңында әжелеріміз насихат айтып, бата берді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.03.2017
3803
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру