
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат курсында дәріс алатын шәкірттер кеше ұстаз Ержан Ниазовтың дәрісіне қатысып, «Ата-анаға құрмет көрсету» тақырыбында тағылымды уағыз тыңдап қайтты. Адамзат баласы үшін ақыретке дейін маңызын жоймайтын асыл тақырыпта ой толғаған ұстаз уағызын шәкірттер қауымы ерекше ден қойып, ықыласпен қабылдады.
«Алла Тағала разылығы – ата-ана разылығында», - екенін атап өткен Ержан ұстаз қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріндегі өнегелі өсиеттерді шәкірттер санасына тереңірек сіңіріп, бақытқа бөленудің жолдарын жеткізді. Дәріс соңында әдеттегідей шәкірттердің сауалдарына кезек беріліп, басқа да тақырыптар қозғалып өтті. Уағыз соңынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен қолға алынған игі шара жалғасын тауып, шәкірттерге арнайы дастархан жайылып, тағылымды уағыз тағы жалғасты.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.03.2017
3631
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру