Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт ұжымы сайыста жүлделі орынға ие болды

27.03.2017 3536 0 пікір

Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешіті облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен, "Жүректен жүрекке" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен "Наурыз көже" сайысында жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Ұлттық наурыз көженің шығу тарихы Ислам дінінде жатыр десек, оның түпнегізі сонау Нұх (оған Алланың сәлемі болсын) заманына тіреледі. Нұх (оған Алланың сәлемі болсын) топан су тартылып, қауымымен кемеден жерге түскен кезде қалған-құтқан дақылдарды пісіріп, "Ашура тәттісін" жасаған екен. Бұл кейін мұсылмандардың "Ашура" күндері бір-бірін "Ашура тәттісімен" қонақ ету дәстүріне айналған. Міне, әдет-ғұрпы Ислам дінімен біте қайнасқан халық салтындағы наурыз көже пісіру дәстүрі де осыған ұқсайды. Яғни халқымыз наурыз мерекесінде қыстан қалған дорба түбіндегі дәнді-дақылдар мен сүр еттен көже дайындап, бір-біріне дәм таттырады.

Айта кету керек, мереке күні "Иманғали" орталық мешітінің ұжымы наурыз мейрамының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін қалалық әкімдік тарапынан марапатталып, "Алғыс хатқа" ие болды.

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру