Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Садиев Бестамақ елдімекеніндегі «Ақтөбе медресесі колледжінде» болып, колледж ұжымын және шәкірттерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Және оларға азық-түлікпен мерекелік тарту жасап, 120 кг ет және жемістердің әрқайсысынан 50 келіден алма, апельсин және банан алып барды. Колледж директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков бастаған ұжымға толағай табыстар тілеп, әсіресе, шәкірт тәрбиелеуден жалықпаған ұстаздарға алғысын білдірді. Болашақта діннің дамуына үлес қосар дарынды, білімді де білікті шәкірттер көп болсын деген игі тілегін жеткізді.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2017
3249
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру