Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ашық есік» күні өтті (ФОТО)

24.03.2017 3782 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі - орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Ашық есік» күні өтті.

Өткен шараның негізгі мақсаты – мекемелер, кәсіпорындар ұжымына, жастарға мешіт тынысын таныстырып, өкілдік тарапынан атқарылған жұмыстармен жете таныстыру болды.

«Ашық есік» күніне қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, ұстаздар және бірнеше мекеме ұжымдары белсене қатысты.

Шара барысында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысушыларды мешіт атқарған жұмыстармен таныстырып, 2016 жылғы жүзеге асқар жоспарлар бойынша есепті тыңдатты.

Қатысушылар орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жұмысынан хабардар болып қана  қоймай, еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру