Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркияның Болу қаласындағы Наурыз тойы

22.03.2017 3657 0 пікір

Қазақстан мен Түркия Дін  басқармалары арасындағы екі жақты келісім аясында Түркияның Болу қаласында білім алып жатқан қазақстандық имамдардың бастамасымен оқу орынында Наурыз мейрамы өтті.

Шара барысында түрік ұстаздар алдында қазақтың ұлттық киімін киген шәкірттер еліміздің салт-дәстүрінен көріністер көрсетті. Оқу орны басшысының иығына шапан жапты. 
Түрік ұстаздар олардың бастамасына риза болып, ыстық лебіздерін білдірді. 
Оқу орны басшысы қазақ пен түрік түбі бір туыстас ұлттар екендігін айта келе, екі мемлекет арасындағы достастықтың терең тамырластығын айтты. 
Қазақстандық имамдар өздерін барынша қолдап, тағылымды білім берген түрік ұстаздарға зор алғыстарын білдіріп, екі мемлекеттің достығының нығаюына үлес косып, асыл дініміз Ислам үшін адал қызмет ететіндіктерін жеткізді. Бұл игі шара туралы Түрік елінің Болу қаласынан ШҚО " Халифа Алтай" мешітінің ұстазы Ақзанбек Маушиан хабарлады.

ШҚО " Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру