
Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Қабылбек Жұмабеков 17 наурыз күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында болды. Бейнеу ауданы облыс орталығы Ақтау қаласынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан аудан.
Қ.Әліпбайұлы 17 наурыз күні Бейнеу аудандық мешітте жұма уағызын айтты. Сол күні сағат 16:00-де аудандық «Ұстаздар үйінде» колледж студенттерімен кездесіп, тұщымды әңгімелер айтып, студенттер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.
Ақшам намазынан кейін аудандық мешітте «Мұсылманның қырық парызы» атты тақырыпта уағыз айтты. Уағызға жамағат көп жиналды. Қабылбек Жұмабеков ұстаздың уағызын ұйып тыңдаған көпшілік өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Бейнеулік жамағат Қабылбек ұстазға алғыстарын айтып шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.03.2017
3588
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру