
ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша "Әйел-қыздар" секторы Қос мұнаралы орталық мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкенің өтуіне орталық мешіттің және қалалық мешіттерінің сауат ашу курстарының шәкірттері ат салысты. «Жақсылық жасауды жалғастырыңдар, қай амалыңның жәннатқа апаратынын білмейсің...» деген. Сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген ақ жаулықты аналар мен иман жүзді қыз-келіншектер өз қолдарымен пісірген тағам түрлерін жәрмеңкеге алып келді. Жұма намазына жиналған жамағат құлшыныспен сауда жасады. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.03.2017
3540
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру