Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітке келген халыққа мерекелік құрмет көрсетілді (ФОТО)

18.03.2017 3731 0 пікір

Қасиетті жұма күні Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде Алла үйіне қадам басып келген жамағатқа мерекелік құрмет көрсетілді.

Құран оқу бөлмесінің алдына жайылған дастархан басында барша ағайынға наурыз көже ұсынылып, ұлттық тағамдар, ыстық бауырсақтар тарту етілді. Игі іске бастамашы болған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі бұл шараның мақсаты жайлы баяндап, халық арасында ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, қазақтың қонақжай ел екенін көрсетіп, Алла үйі мешіттер мейірімділіктің мекені екенін білдіру екенін айтты.

Наурыз дастарханындағы көжеден дәм татқан ағайын мешіттің көрсеткен құрметіне дән ризашылықтарын білдіріп, бірін-бірі шын жүректен құттықтап, бір-біріне бауырмалдықтарын көрсетті.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру