ҚМДБ Талдықорған өңірінің өкілдігі, Алматы облысы дін істері басқармасы және Панфилов аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Өнер қырандары» театры «Заман-ай» атты концертімен Панфилов аудандық Мәдениет үйінде болды.
Еліміздегі шоқтығы биік театрдың қойылымын тамашалауға келген дүйім жұрттың көптігі соншалық мәдениет үйінде ине шаншар орын болмады.
Өнер қырандарының өнерпаздары қоғамымызда орын алып жатқан өзекті мәселелерді аса шеберлікпен қозғап, шынайы көрсете білді. Жоғарғы талғаммен қойылған көріністерге жиылған жұрт біресе шаттанып күлсе, біресе көздері еріксіз жасқа толды. Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған теріс ағымдардың зияны мен зардабын шынайы көрсететін әрбір қойылымды ыждағаттылықпен тамашалаған халық ерекше сезімге бөленді.
Елге берер тағылымы мен тәрбиесіне куә болған біз бұл концертті өңіріміздегі әрбір ауданға қоюдың қажеттілігі жайлы ой түйдік.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2017
3604
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру