Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жат ағымдардың зиянын түсіндіруге арналған семинар-тренинг өтті

16.03.2017 3912 0 пікір

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Жұлдыз Қажуеваның ұйымдастыруымен осы мешітке қарасты әйелдердің діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында жат ағымдардың зиянын түсіндіруге арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарға Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова шақырылды.

Гүлназ Мақсұтқызы түрлі деструктивті ағымдардың өз қатарына тарту әдістері мен дін атын жамылған секталардың қауіптілігі секілді маңызды ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар әйелдер жамағаты арасында реабилитация жұмысын жүргізудің проблемаларымен бөлісті.

Ұстаз Жұлдыз Қажуеваның айтуынша, мешіт имамдары мен ұстаздары курс тыңдаушылары арасында дәстүрлі Ислам жайында кеңінен мағлұмат беріп, теріс ағымдардың зияны мен зардабын түсіндіріп, деструктивті ағымдармен күрес жүргізу белсенді түрде жүзеге асып жатыр екен.

Кездесу барысында қазақтың дәстүрлі мәзһабынан бас тартудың қатері, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту мәселелері талқыланды. Курс тыңдаушылары өздерін қызықтыратын түрлі деструктивті ағымдар жөнінде сұрақтарын қойып, оған жауаптарын алды.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру