
«Иманғали» орталық мешіті 14-наурыз – «Көрісу күнін» атап өтті. Көктем келісімен ағайын мен ағайынның құшақтасып, бір-біріне қол беріп көрісе амандасуын талап ететін көрісу дәстүрі – ежелден келе жатқан көне салтымыз. Еліміздің батыс аймағында ерекше тойланатын көрісу рәсімі қазіргі таңда республикалық дәрежеде аталу үстінде.
Міне, осындай бауырмалдық, қонақжайлық пен татулыққа шақыратын көрісу сынды атаулы күнді «Иманғали» мешіті де ерекше дайындықпен атап өтті. Мешіт ұжымына жайылған ақ дастархан басында ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы құттықтау сөз сөйлеп, өз әріптестеріне ізгі тілегін жолдады.
Сондай-ақ, қазақтың ұлттық сусыны – шұбаттан ауыз тиген мешіт қызметкерлері де ерекше көңіл-күй үстінде бір-біріне тілектерін арнап, қуанышпен тарқасты.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2017
4101
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру