ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен батыр аналармен кездесу өтті.
Елге еңбегі сіңген, ұрпақ тәрбиелеп, Отан үшін, қазақ халқының намысы үшін аянбай тер төгіп, жастық өмірін жарқын болашаққа арнаған аналарымыз мешіт ұжымы арнайы жайған дастархан басында бас қосты.
Бұл басқосуға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысты. Бас имам аналарымызды мешіт тарапынан өткізілген шаралармен таныстырумен қатар, имандылық, анаға құрмет туралы әсерлі насихатын да айтты.
Шараға қаладағы әжелер ансамблі де қатысып, өнерлерімен бөлісті. Бас имам Т.Омаров қатысушы аналарға мешіт тарапынан сый-сияпатын ұсынды.
Өз кезегінде батыр аналарымыз мешіт ұжымына шексіз алғыстарын жеткізіп, батасын берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2017
4045
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру