Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мешіт имамдарына арналған біліктілік көтеру семинары басталды

15.03.2017 3458 0 пікір

2017 жылы Алматы қаласы Дін істері басқармасы «Сараптама және зерттеу» орталығымен бірлесе отырып мешіттерде наиб имам, азаншы, ұстаз болып қызмет ететін 20-25 тыңдаушыдан тұратын аудиторияға барлығы 5 семинар өткізу жоспарланған. Оның алғашқы легі 13 наурыз күні басталды және 3 апта бойы жалғасын таппақ.

Имамдардың білімін ұдайы жетілдіріп отыру ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатаң талаптарының бірі болып табылады. Осыған орай биылғы жылдық жоспар аясында 13 наурыз - 04 сәуір аралығында өтетін семинарға 1 мешіттен бұйрығы бар 1 наиб имам, 1 ұстаз бен азаншы тұрақты қатысуда. Дәріс беруші ұстаздар ҚМДБ пәтуә бөлімі меңгеруші орынбасары Сансызбай Шоқанов, Алматы қаласының Бас имамы Н.Ә.Есмағанбет, Жүргенов атындағы академияның ұстазы Әбзелбаев Мұрат Нартайұлы, Әуезов ауданының Бас имамы Қасымалиев Бахтияр қари, Орталық мешіт ұстазы Ануарбеков Әсет.

Тыңдаушыларға тәжуид ілімдері, дін қызметкерінің этикасы, тәфсир ғылымы, шешендік өнер және бүгінгі отбасылық мәселелер тақырыбында дәріс оқылуда. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру