Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астананың көркеюіне куә болған мешіт

15.03.2017 4420 0 пікір

Әл-Ғани мешіті  Астана қаласы Шұбар мөлтек ауданында орналасқан. Аталмыш мешіт Астанамыздың көркеюіне куә болған мешіттердің бірі.

Әл-Ғани мешіті   2006  жылыдың 6 шілдесі күні «Астана күні» мерекесі қарсаңында ашылды. Мешітте жамағат пен мешіт қызметкерлеріне  қажетті барлық жағдай жасалған, намаз оқитын зал, әйелдер залы,  имамдар бөлмесі дәрет алатын орындар қамтылған. Қазіргі халықтың діни тәлім тәрбиесін   арттыруда қызу қызмет үстінде.

Мешіттің Бас имамы қызметін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан тағайындалған  Абдукаримов Бағдат Ахметәлиұлы  атқаруда. Республикалық «Хазірет Сұлтан» мешітінен  «Әл-Ғани» мешітіне ауысып келгелі түрлі шаралар ұйымдастырып халыққа қызмет етуде. Атап айтар болсақ мешітте әрлеу жұмыстарын жүргізді.

Жамағаттың бауырмашылдығы мен ынтымағын күшейту мақсатында жалпы халыққа арнап әр аптаның сенбі күні құптан намазынан кейін «Ынтымағы жарасқан жамағат» атты  шара ұйымдастырып, халыққа дастархан жайып еліміздің белгілі теологтары мен имамдарын шақырып уағыз жүргізуде.

Аптаның жеті күнінде өтіп жатқан дәрістердің шарапатымен мешіт ішінде шәкірттер саны күннен күнге артуда. Мешіт ұстаздары мен имамдары білім талап етіп келген халыққа  таңнан кешке дейін дәріс беруде. Атап айтар болсақ аптаның  әр күні таң намазында Хусайынов Асхат ұстаз тәжуйд, тәпсір, ақида пәндерінен дәріс берсе, ақшам құптан намаздарынан кейін Өмірбеков Абдусамат ұстаз  фиқһ тәпсір пәндерінен дәріс беруде. Құран жаттап арабша хат танимын деуші жамағаттарға Тоқашев Нұржан ұстаз дәріс өткізуде.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру